Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, жел күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы, Жамбыл, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңеретең тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.