Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жауын-шашынды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күндіз республиканың оңтүстігіндегі тауларда қатты жауын-шашын күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады, жел күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, қатты жел соғады, түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ болады.