Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әйгілі "Сүгірдің термесін" өзгертіп, жарнама жасаған Төреғалидің басы дауға қалды (ВИДЕО)

Әйгілі "Сүгірдің термесін" өзгертіп, жарнама жасаған Төреғалидің басы дауға қалды (ВИДЕО)

Kyzylorda-news.kz. Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі тағы да сынға ұшырады. Бұл жолы өнер иесі өз кәсібінің жарнамасында атақты "Сүгір термесін" қолданғаны үшін сыналуда. Эстрада жұлдызына қарсы шыққан маңғыстаулықтар оны сотқа беруге ниетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.Аталмыш бағдарлама барысында Төреғалидің елге танымал терменің мәтінін өзгертіп, оны өз мақсатында пайдаланғанына қатысты пікірталас өрбіді.
Сүгір Бегендікұлының немересі бұл жағдайға өз наразылығын білдіріп, өнер иесі авторлық құқықты бұзғанын жеткізді.
«Жігіттер маған әлеуметтік желіде жібере бастады. Мен алдымен ойландым, жан-жағыммен ақылдастым. Қазіргі заманда сауатсыз адам жоқ қой. Қыдырәлі бүлдірді - үндеген жоқпыз. "Кешью" сірә, аяғын көтерді - оған да үндеген жоқпыз. Баяғыда айтыпты бір кісі "қарнымның ашқанынан емес, қадірімнің қашқанынан" деп. Енді қашанғы жүреміз. Сүгірді осындай дәрежеге дейін түсіретіндей не болды? Бүгінде авторлық құқық қорғалды, құдайға шүкір. Заңгерлер де айтып отыр. Төреғалидің өзіне, әкімшісіне де шығып, сұралған бұл жайт. "Өзің кешірім сұрай ғой" дегенбіз. Басында оны сотқа беру жайында ойымыз болған жоқ. Содан ол хабарласқан да, кешірім сұраған да жоқ. Біз маңғыстаулық халық өте момын халықпыз ғой. Енді заң аясында жауап беретін шығар деп ойлаймын. Жауап беруге тиісті, міндетті. Заңға енді жүгініп бастаймыз. Бұл жерде тек мен ғана емес, барлық Маңғыстау өлкесінің азаматтары оны күтіп отыр. Енді өзі келмесе, орган алып келетін шығар» , - деді Жәнібек Сүгіров.
21 қараша 2019 ж. 319 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области