Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төреғали Төреәлі түрмедегі жазасын өтеушілер үшін концерт қойды

Төреғали Төреәлі түрмедегі жазасын өтеушілер үшін концерт қойды

Kyzylorda-news.kz. Төреғали Төреәлі түрмеге арнайы барды. Ұлы дала баласы әнші әрі актер Ерболат Төлегеновпен бірге Алматы облысының ЛА-155\8 колониясында өнер көрсетті деп хабарлайды ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Әртістер жазасын өтеушілер үшін қайырымдылық концертін ұйымдастырды.
"Бізге Төреғали Төреәлі бастаған эстрада жұлдыздары келіп, қайырымдылық концертін қойды. Көптеген адамдар оны теледидар арқылы ғана көргендіктен, шын мәнісінде келеді деп күткен жоқ", - деп атап өтті мекеме бастығы Арыстанов.
Сондай-ақ, ол қамаудағы азаматтардың әртістерге сыйлық ұсынғанын айтты.
Жазасын өтеушілер танымал орындаушыларға өз қолдарымен жасаған бұйымдарды сыйлаған.
Сонымен қатар, ведомствода аталып өткендей, Жеңіс күніне орай Павлодар облысының түзету мекемесі қабырғасында "Мәңгілік полк" акциясын өткізді.


13 мамыр 2019 ж. 482 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области