Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кеш тамақтанатын әйелдер қандай ауруға шалдығады?

Кеш тамақтанатын әйелдер қандай ауруға шалдығады?

Kyzylorda-news.kz. Кешкі асты кеш ішетін әйелдер жүрек ауруларына шалдығуы мүмкін, деп хабарлайды MedicalXpress америкалық кардиолог Эвелин Грейверге сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, адамның ағзасы кешкі тамақтағы нәрлі заттарды қорыта алмайды.
"Кешке ішкен тамақты біздің ағзамыз қорыта алмайды. Адамдар бұл уақытта аз қимылдайды, сондықтан калория жұмсалмайды. Бұдан бөлек, кешкі және түнгі уақытта зат алмасу нашар жұмыс істейді", - деп атап өтті Грейвер.
Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті жүргізген зерттеу қорытындысы кеш тамақ ішетін әйелдердің жүрек ауруларына шалдығуы мүмкін екенін көрсетті. Зерттеуге 112 әйел қатысқан, олардың орташа жасы 33 шамасында. Олар жеген тамағы туралы ақпаратты бір жыл бойы жіберіп отырған.
Зерттеуге қатысқандардың көпшілігі кешкі алтыдан кейін тамақ ішкен, олардың денсаулығы сағат алтыға дейін ауқаттанатын әйелдерден гөрі нашар екені анықталды. Жүрек ауруларына шалдығу қаупі бар топқа кірген әйелдердің қан қысымы мен салмағы жоғары және қандағы қанттың реттелуі әлсіз болды.
24 қараша 2019 ж. 313 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области