Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖҰМЫРТҚА АДАМ ӨМІРІН ҰЗАРТАДЫ

ЖҰМЫРТҚА АДАМ ӨМІРІН ҰЗАРТАДЫ


Қытай ғалымдары жұмыртқаның адам өмірін ұзартатынын айтты. Мамандардың айтуынша, күніне бір рет жұмыртқа жеген адамның жүрек-қантамыр ауруларына шалдығу мүмкіндігі азаяды. Сонымен қатар мезгілсіз өлім жағдайларын азайтады.
   Қан айналым жүйесінің бұзылуы – әлем бойынша өлімге әкелетін негізгі себептердің бірі. Қан айналмағаннан көп адам инсульт алып, жүрегі тоқтап қалып жатады.
   Қытайда ми қан айналымының бірден төмен түсіп кетуі бірінші орында тұр. Соның салдарынан науқастардың тамыры жарылып, қан кетіп мерт болады.
   Ғалымдар China Kadoorie Biobank зерттеуін ұзақ жылдар бойы жүргізді. Оған 30 бен 79 жас аралығындағы 512 891 адам қатысты. Олар қатерлі дертпен, жүрек қантамыр, диабет ауруымен ауырмаған 416 213 ерікті азаматтарды зерттеді. Қатысушылардың денсаулығын 2004 пен 2008 жылдар аралығында тексеріп тұрды.
   Нәтижесіде қатысушылардың 13,1 пайызы күн сайын жұмыртқа жейтінін, 9,1 пайызы – жұмыртқаны сирек жейтінін айтты. 8-9 жылда жүрек ауруына шалдыққан 83 977 жағдай тіркелді. Жұмыртқаны күн сайын жегендердің жүрек ауруына сирек шалдығатыны, ұзақ өмір сүретінін белгілі болды. Орлардың геморрагиялық инсульт алу жағдайы 26 пайызға, ал мезгілсіз өлім 18 пайызға азайған.
24 мамыр 2018 ж. 13 362 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области