Қызылордада тағы бір көлік адамды қағып кетті
Kyzylorda-news.kz. Астана даңғылы бойында көлік иесі жаяу жүргіншілер жолында адам қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарақат алған адам ауыруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасына кінәлі автокөлік жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.