Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық оқушылар арасында инновациялық жобалар байқауы өтті

Қызылордалық оқушылар арасында инновациялық жобалар байқауы өтті

Kyzylorda-news.kz.«Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Білім және инновация» атты инновациялық идеялар мен жобалар байқауы өтті.
Байқау Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары және химия биология бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі және жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Қатысушы үміткерлер IT технология, робототехника, география, физика, химия, биология, экология, информатика салалары бойынша тың жобалары (автокөлік, өндіріс, ауылшаруашылық, су көлігі, құрылыс, жылу-электр энергетикасы, авиация, космонавтика) мен идеяларын ұсынды.
Байқауға қала көлемінде 38 инновациялық жоба ұсынылды.
Қазылар ақласының шешімімен I – орын Диляра Оңайбек, Сая Сламғалиға бұйырды. II – орынды Мәди Нұрмұхаметов, Анель Талғат ие болды. III – орынды Ергеш Алтынбек алды.
Шара жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан жүлделі орындармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
25 қараша 2019 ж. 312 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области