Қызылордада жыл басынан бері 15 адамда АИТВ анықталған

«Үстіміздегі жылдың 10 айында адамның иммундық тапшылық вирусы салдарынан 15 адам анықталды. Оның 7-і ер адам, 8-і әйел адам. Вирустың жұғу жолдары: спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде және көп мөлшері қанмен келеді. Яғни, жыныстық қатынас арқылы, есірткі тұтыну , анасынан нәрестеге жұғуы арқылы.Сонымен қатар,адамдар өзіне, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарамайды, мінез- құлықтың қауіпті түрлерін жүргізеді», - деді Салтанат Шамиқызы.
Сонымен қатар, сала мамандары зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтынұстануға шақырды.