400-ден астам шетелдік жұмысшы Қазақстан аумағынан шығарылды
Kyzylorda-news.kz. Шетелдік азаматтарды жұмысқа тартқан ұйымдарға 92 миллион көлімінде айыппұл салынды. Олар жұмысшы тарапқа еңбек ақысын дұрыс төлемей, бірқатар заңбұзушылықтарға жол беріпті. Бұған қоса еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, 2019 жылдың тамыз айынан бері 393 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекеттің батысында жұмыс беруші тарап қазақстандық және шетелдік азаматтарға еңбек ақысын төлеуде бірқатар кемшіліктер жіберіп отырған. Бас прокуратура басқарған инспекция 30-дан астам шетелдік маман жұмысқа тартылған 95 ұйымға тексеріс жүргізді", - деді министр.
Біржан Нұрымбетовтың сөзінше, тексеріс барысында еңбек және миграция заңдарына қайшы 930 әрекет анықталыпты. Бұған қоса 25 мекемеде еңбекақы төлеуде шетелдік және қазақстандық жұмысшылар арасында тепе-теңдік сақталмағауы бойын 474 әрекет анықталған. Осы жағдайға байланысты ұйымдарға 92 миллион теңгені құрайтын 400-ден астам айппұл салынған. Қазақстанда жұмыс істеуге берілген 681 рұқсат негізсіз деп танылып, 393 шетелдік жұмыскер мемлекет аумағынан шығарылыпты.
онымен қатар министр, егер шетелдік мамандарды жұмысқа тартып, оларға айлық төлеуде қателіктер жіберген ұйымдарға жазаны күшейту керек деп ескертті. Қазіргі таңда бұл бастама мәжілісте қаралып жақан көрінеді.
"Қазіргі еңбек туралы заңнамада мемлекеттік инспектор жұмыс беруші ұйымдарға 5 жылда бір-ақ рет тексеріс жасай алады. Біз алдағы уақытта осы мәселені бірыңғай етіп, тексерісті жыл сайын өткізіп тұруды алға қойып отырмыз", - деді Нұрымбетов.