Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 2 шетелдік азамат сотталды

Қызылордада заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 2 шетелдік азамат сотталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған шетелдік азамат бас бостандығынан айырылды.
Қызылордада биыл 24 мың шетел азаматы уақытша тіркелген. Олардың дені, яғни 94 пайызы өзбекстандықтар. Дегенмен олардың 10 мыңнан астамы жұмыс істеуге рұқсат алмаған, еңбекші мигрант ретінде тіркелмеген.
Былтыр жүргізілген тексеру нәтижесінде шетел еңбек мигранттарының полиция органдарына ұсынған 1 400 медициналық анықтаманың медицина ұйымдары тарапынан берілмегені анықталды. Олардың арасында Жаңақорғанда 500, Қазалыда 334, Қармақшыда 187, Жалағашта 84, Сырдарияда 71, Аралда 37, Шиеліде 36, Қызылорда 137 осындай жағдай орын алған.
«Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз көші қонды ұйымдастырған 2 шетелдік азамат ұсталған. Сот үкімімен олар бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар жалған дипломмен жұмыс істеген шетелдік белгілі болды. Прокурорлық қадағалау актісімен олардың рұқсаты кері қайтарылып, республика аумағынан шығарылды. Осыған орай, көші-қон және шетелдік жұмыс күшін тарту заңнамаларының сақталу жағдайы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, осы бағыттағы ортақ міндеттер мен іс-шаралар айқындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз хатшысы Ғабит Ұзақбай.
19 қараша 2019 ж. 298 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области