Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН 1061 ШЕТЕЛДІК АНЫҚТАЛДЫ

КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН 1061 ШЕТЕЛДІК АНЫҚТАЛДЫ


        Осы жылдың 21-24 мамыр аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
      Іс-шараға ОІІД-нің 289 қызметкері жұмылдырылды. Олардан 35 мобильді топтар құрылып, облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
     Нәтижесінде көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517- бабымен (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 1061 шетелдік анықталды.
       Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 49 ҚР азаматтары және ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 38 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
         Мемлекетаралық іздеуде жүрген 1 шетел азаматы анықталды.
        Өзбекстан Республикасының 49 азаматы республика аумағынан аластатылды. Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 42 азамат ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
         Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
         Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
25 мамыр 2018 ж. 639 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области