Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жат ағымның жетегінде кеткен азамат сотталды

Қызылордада жат ағымның жетегінде кеткен азамат сотталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада деструктивті діни ағым ұстанушы 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы Қызылорда қаласы, Қыдыров көшесінде орналасқан үйде бір азаматтың зорлық-зомбылықтың белгілері бар мәйіті табылған.
Қызылорда облысының Полиция департаменті қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, аталған қылмыс бойынша күдікті ретінде облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны ұсталып қамауға алынған.
«Ұсталған азаматтың жеке басын анықтау барысында, оның деструктивті діни ағым ұстанушысы екендігі анықталды. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, айыпталушы азаматтың аталған қылмысқа тікелей қатысы бар екендігі анықталып, қылмыстық іс-әрекеті толық әшкерленді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта айыпталушы азамат Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім күшіне енді.
07 тамыз 2019 ж. 436 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области