Жұма күні батыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан, 29 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс аймақтарда жаңбыр мен қар күтіледі. Оңтүстікте жел күшейеді. Өзге аймақтарда тұман болжанады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ күтіледі. Атырау облысының жекелеген аумақтарына тұман басуы ықтимал. Күндіз Жамбыл, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, кей жерлерде тұман болжанады.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде және күндіз Қарағанды, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде және күндіз Қарағанды, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі.