Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады- сейсенбіге арналған ауа райы

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады- сейсенбіге арналған ауа райы

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 15 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстікте және орталықта найзағаймен жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек батыста жауын шашынсыз ауа райы болжанады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Туркістан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Ақмола, Костанай, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, түнде және таңертең Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең Атырау, кей жерлерде Мангыстау облыстарында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейіп, Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде екпіні 25 м/с күтіледі.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
15 қазан 2019 ж. 252 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области