Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады
28 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын жауады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Kyzylorda-news.kz.
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің оңтүстігініңн кей жерлерінде қатты нөсер жауады, тек батыста және шығыста күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшеюі ықтимал. Оңтүстікте найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.