26 наурызға арналған ауа райы болжамы
26 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, Тұман, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауып, тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, желдің күшейюі сақталады, оңтүстікте күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, басым бөлігінде екпіні 15-20, кей жерлерінде 23 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай болып, даул, желдын күшейюі 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және күндіз кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдын күшейюі 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Түркістан облысында күндіз найзағай болады, желдің күшейюі 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстанда түнде, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде таңертең тұман болады.