Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 27 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

27 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

27 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің оңтүстіктегі кей жерлерінде қатты нөсер жауады, тек батыста, оңтүстік-шығыста к.н райы ашық болады. Сондай-ақ, еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшеді. Оңтүстікте найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы, дауыл соғыуы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, түнде және таңертең көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында найзағай күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, күндіз екпіні 29 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15 м/с күшейеді.

27 наурыз 2019 ж. 475 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области