Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық 14 бала Ирактан елге қайтарылды: Олар туыстарының қолына беріледі

Қазақстандық 14 бала Ирактан елге қайтарылды: Олар туыстарының қолына беріледі

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық 14 бала Ирактан елге қайтарылды. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевпен өткен баспасөз маслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Телеарнаның мәліметінше, Қазақстанға жеткізілген бұл балалардың аналары террористік әрекеті үшін Иракта түрмеде отыр. Ал психологиялық көмекке мұқтаж балалар қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы оңалту орталығында. Құжаттары әзірленіп, қажетті ем-домын қабылдаған соң, туыстарына табысталмақ.
«Біздің ресми деректерімізге сәйкес, Иракта қазақстандық балалар жоқ. Қазіргі таңда іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Егер дәйектелген, қазақстандық балалар болса, олардың елге қайтуы бойынша жұмыстар жасалады», - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.
Елге қайтарылған 14 баланың ең үлкені 13-жаста, кішісі 2-де.  Еске салайық, мұның алдында Ирактағы балалардың елге қайтарылатыны хабарланған еді.
«Ирак тарапы балаларды қайтаруға келісім беріп отыр. Біз жақын күндері оларды Қазақстанға алып келеміз. Енді бүлдіршіндерді ата-анасының қателігі үшін далада тастай алмаймыз ғой», - деген еді ҚР СІМ арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко.
29 қараша 2019 ж. 212 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области