Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қар, бұрқасын, көктайғақ - сейсенбіге ауа райы болжамы

Қар, бұрқасын, көктайғақ - сейсенбіге ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.Сейсенбі күні Қазақстан территориясының басым бөлігі циклонның әсерінде болады, сонымен байланысты солтүстікте және солтүстік батыстың басым бөлігінде қар жауады. Тек республиканың батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.
Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Қызылорда облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Түркістан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күшейіп, жылдамдығы 15-22 м/с жетеді.
03 желтоқсан 2019 ж. 307 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области