Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Президент Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Президент Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында болған автобус апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды.
«Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетелік, аталмыш оқиға бүгін таңғы 04.30 шамасында болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам емдеу орындарына жатқызылды.
Оқиғаға байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі түсінік берді.
Сондай-ақ, сегіз адамның өмірін қиған «Қызылорда-Құмкөл» жолындағы автобус апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
03 желтоқсан 2019 ж. 364 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области