Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда құжатқа қосарланған есім жазуға рұқсат берілді

Қазақстанда құжатқа қосарланған есім жазуға рұқсат берілді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда құжаттарға қосарланған есім жазуға рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина айтып берді.
Жаңа өзгерістер «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында көрсетілген.
«Қосарланған есім беру мәселесі қазақстандықтар арасында түсініспеушілік туғызып отыр. Яғни, бала құжатындағы әкесінің қосарланған есімі бойынша түзету енгізіліп отыр. Бұған дейін әкенің аты тек бірге жазылатын немесе қосарланған есімнің біреуі ғана берілетін. Яғни, әкесінің аты Асан-Әлі болып, дефиспен жазылса, бала құжатында Асанұлы немесе Әлиұлы не болмаса дефиссіз Асанәліұлы болып бірге жазылатын. Заң жобасында бұл мәселе қаралды және дефиспен жазуға рұқсат берілді», - деді Майра Айсина ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, 2019 жылдың 7 қарашасында Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Заң жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын жетілдіру мақсатында әзірленді.
03 желтоқсан 2019 ж. 305 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области