Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Прописка" керек емес: қазақстандықтар үшін құжат рәсімдеу жеңілдейді

"Прописка" керек емес: қазақстандықтар үшін құжат рәсімдеу жеңілдейді

Мәжіліс мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.Заң жобасы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесінде "бір терезе" қағидатынан "бір өтініш" қағидатына көшу, мемлекеттік қызметтерді толығымен электронды форматқа көшіруді көздейді.
Биыл электронды форматқа 80 проценті ауысса, келесі жылы тағы 10 проценті көшірілмек. Құжаттың басты жаңалығы – "прописканы" алып тастау.
Мәжіліс депутаты Майра Айсинаның айтуынша, қазір адамдар тіркелген жеріне байланғаннан кейбір қызметтерді өзіне ыңғайлы етіп алмайды.
"Осыған байланысты, азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық жеті түрі бойынша қызмет көрсетудің эксаумақтық қағидатын енгізу тұрғысында түзетулер енгізіліп отыр. Бұл қағидатты енгізу арқылы азаматтың өтінішті тұрғылықты жері бойынша беруі міндетті емес. Өз қалауы бойынша Қазақстан аумағындағы кез келген тіркеуші органға бере алады", - деді депутат мәжілістің жалпы отырысында.
Бұл бала туу, неке қию немесе оны бұзуды, адамның қайтыс болуы, атын, әкесінің атын және тегін өзгертуді, асырап алуды, әке болуды анықтауды тіркеуге байланысты.
Бұған қоса, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді толығымен электронды форматқа көшіру әрі құжаттар тізбесін оңтайландыру көзделіп отыр. Енді электронды өтініштен кейін жеке кәсіпкерлікті тіркеу қазіргідей бір күн емес, бір сағатта іске асырылады.
Сондай-ақ, Айсина заң жобасында әке болуды белгілеу мен асырап алуды мемлекеттік тіркеуді алып тастау көзделгенін атап өтті. Өйткені әке болуды белгілеу және асырап алу туралы шешім шығарған сот осы шешімді тіркеуші органға электрондық түрде жібереді.
"Бұл қағаз құжат айналымын едәуір қысқартып, бланкіге жұмсалатын шығындарды азайтады. Бұған қоса, асырап алу құпиясы сақталады, себебі асырап алу/әке болуды анықтау туралы куәлік қолға берілмейді", - деді депутат.
Мәжіліс депутаттары бұл заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
17 сәуір 2019 ж. 445 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области