Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Психологтар кеңесі: Ешкімге айтылмауы тиіс бес құпияны білесіз бе?

Психологтар кеңесі: Ешкімге айтылмауы тиіс бес құпияны білесіз бе?

Адамның ашық-жарқын болғаны жақсы. Дегенмен мінезім ашық деп барлық нәрсені айта беруге болмайды. Кез келген жанның өмірінде ешқашан жарияланбауы тиіс құпиялар бар, деп жазады Сок медиа.
Өзіңіздің төсек қатынасыңыз туралы кез келген ортада айтып отыру - үлкен қателік. Күйеуіңізбен ғана талқыланатын мәселені көпшілікке баяндап беру - сіздің сексуалды, бақытты, жолдасыңызға көңілі толатын жан екеніңізді білдірмейді. Елге ағымнан жарыламын деп жүріп, беделіңізге нұқсан келтіріп алмаңыз!
Өсек-аяң
Өсекті көп айтатын жандардан айналасындағылар қашып жүреді. Көпшілік оларды өзгенің ісіне араласқыш деп есептеп, сырын айтпауға тырысады. Есіңізде ұстаңыз, өсек тасығанды жанындай сүйетіндердің абыройы ел алдында төмен болмақ.
Болашаққа құрған жоспарлар
Өзіңіздің жоспарыңызды өзгеге айтсаңыз, орындалмай қалуы мүмкін деген сенім барын білетін боларсыз. Оған мән бермесеңіз де, шынымен де жоспарыңызды ешкімге айтпау керектігін жадыңызда сақтаңыз. Айналаңызға барлық мақсатыңызды айта берсеңіз, сіз істен гөрі сөздің адамы болып кетуіңіз мүмкін.
Айлық табысыңыз
Өзге адамдардың жалақысын сұрау - әдептілікке жатпайды. Ал өзіңіздің табысыңыз турлы айту - мүлдем дұрыс емес. Мұндай тақырыпты ең жақын адамыңыз болмаса, кез келгеніне айта бермеңіз.
Ішкі жан дүние
Бұл жерде әңгіме тек дін туралы ғана емес. Өзіңізді дамытатын тренингтер, медиатациялар, курстар - бұл тақырып әңгімелесушіңізге қызықты болса ғана баяндаңыз. Ал егер оған қызықсыз болса, үндемей-ақ қойғаныңыз абзал.
07 желтоқсан 2019 ж. 231 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области