Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 5 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Серіктестеріңізге көп сенім артапаңыз. Олар сізге көмектескеннен гөрі, көп кедергі келтіруге тырысады. Бүгін тек өз жоспарыңыз бойынша жүріңіз.
Торпақ
Алдағы күндеріңізге жоспар құрып, болашағыңыз туралы көп ойланыңыз. Жоспарларыңызды орындау үшін көп еңбек ету керек. Дегенмен осы жол арқылы сіз өз мақсатыңызға жете аласыз.
Егіздер
Қиын тапсырмаларды оңай шешесіз. Бұларды бұған дейін ешкім орындай алмаған. Іскерлік келіссөздер оң шешімін тауып, серіктестеріңіз сіз туралы оң пікір қалыптастырады.
Шаян
Тыныш күн. Жоспарыңызды түбегейлі өзгерткен жағдайларға қорқа қараудың қажеті жоқ. Бүгін еңбек еткендер олжасыз қалмайды. Ал еріншектер өз жалқаулықтарының кесірінен дымсыз қалуы мүмкін.
Арыстан
Өзіңізге көп жүк арпаңыз. Сондай-ақ өзгелердің ісіне араласпағаныңыз жөн. Бірақ көмек сұрағандарға көмек қолын созыңыз. Сонымен қатар өзіңізге көмек керек болса, еш қысылмаңыз.
Бикеш
Ойлағаныңызға тез арада қол жеткізгіңіз келеді. Сондықтан ешқандай мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысасыз. Дәл осы талпынысыңыз мақсатқа жетуге көп септігін тигізеді. Алған бетіңізден қайтпаңыз.
Таразы
Асықпаңыз және көпшіліктің көңілін өзіңізге аудармаңыз. Көпшілік сіздің бар-жоғыңызды да байқамай қалғаны өзіңізге жақсы. Тек осы сәтте ғана еркін жұмыс жасай аласыз. Ешкім сізге кедергісін келтіре алмайды.
Сарышаян
Жаңа ақпараттарға қанық боласыз. Бұл жаңалық серіктесіңізге деген көзқарасыңызды өзгертетіні анық. Сіз оны бағалай бастайсыз.
Мерген
Өз-өзіңізді мақтан тұтасыз. Себебі өзгелердің қолынан келмеген істі атқарып, табысты боласыз. Бұл ісіңіз ескерусіз қалмайды. Тіпті қаржылай сыйақы да аласыз.
Тауешкі
Сіз туралы өзгелердің не айтып жүргенін білесіз. Әлдекім сіз туралы жағымсыз пікір қалдыруы мүмкін. Сондықтан бұл өсек-аяңға тосқауыл болуыңыз қажет. Себебі бұл әңгімелерге сеніп қалатын жандар бар.
Суқұйғыш
Таңертеңнен бастап жаңа идеяларыңызды жүзеге асыра бастаңыз. Бұл тың ойларыңыз сәтті болмаса да, қолдан келгенше осымен жұмыс жасап көріңіз. Бұл арқылы сіздің шығармашылық әлеуетіңіз дамиды.
Балықтар
Сәтті әрі, жемісті күн. Бұл күні өз күш-қуатыңызды маңызды шаруаларға жұмсап, сіз үшін ненің маңызды екенін түсіне бастайсыз. Айналаңыздағылар сізден көмек сұрайды. Сіз оларға көмек көрсетеріңіз анық. Бірақ арам ойлы жандардан бойды аулақ ұстауға тырысыңыз.