Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 23 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты

Екінші жартыңыздың сізді қаншалықты жақсы көретіндігіне көз жеткізесіз. Бүгінгі күн театр немесе киноға барып бой сергітіңіз. Ал басы бос «тоқтылар» біреуді өзіңізге ғашық етесіз. Жаңа таныстықтар ұзақ уақытқа жалғасады

Торпақ
Бүгін өзіңізге демалыс жариялап, қызықты уақыт өткізесіз. Достарыңызбен кездесу, театр немесе мұражайға бару, шығармашылықпен айналысу және басқа да жұмыстарыңыз бүгін сіздің көңіл-күйіңізді көтеріп, күш-қуатыңызды қалыпқа келтіресіз.

Егіздер
Бүгінгі күн ағзаңызды тазартуға, әсіресе асқорыту жүйесін қалыпқа келтіруге мүмкіндік туып тұр. Өміріңіз бір сарынды болмасын десеңіз, бүгін ұсақ-түйек жұмыстарды ғана істеңіз. Бұл жұмыстарды тез, әрі оңай жасай аласыз.

Шаян
Өзіңізге көптен ұнап жүрген әдемі бұйымдарды алатын уақыт. Бірақ оларды сатып алмастан бұрын, әбден ойланыңыз. Олар сізге қаншалықты қажет. Сонда ғана өзіңізге қажеттісін таңдай аласыз. Бүгін шашыңызға да мән беріп, оның саулығын қамтамасыз етіңіз.

Арыстан
Бүгін қиын тапсырмалардың өзін оңай орындай аласыз. Бұл күні болашағыңыздың іргетасын қалайтын күн. Алға қойған жоспарлар жұмысқа да, отбасылық жағдайға да қатысты болмақ.

Бикеш
Өзіңіздің міндетіңізді естен шығармай, олардың орындалуына мән беріңіз. Байыпты да, байсалды болыңыз. Қордаланып қалған мәселелерді шешуге мүмкіндік бар. Сізді тек мәселелер ғана қоршап тұр деп ойламаңыз. Күйзеліске жол бермеңіз, керісінше барынша көңілді болуға тырысыңыз.

Таразы
Маңызды жоспарларды жүзеге асыратын күн. Алдағы күндерге қаражат жинап бастайсыз немесе үй алуыңыз мүмкін. Сондай-ақ армандарыңыз орындалатын күн. Бүгін жеткен жетістіктеріңізді атап өтетін күн.

Сарышаян
Айналаңыздағы адамдар туралы пікіріңізді және өз көзқарастарыңызды өзгертудің қажеті жоқ. Түсініспеушіліктің салдарынан жұбыңызбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Жалқаулығыңыз ұстап, қиялға да ерік бересіз.

Мерген
Серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға және келісім шарт жасасуға болатын күн. Дене жарақатын алудан сақтанып жүріңіз. «Сақ болсаң, сақтаймын» демекші, не нәрседен де сақтанып жүргеніңіз абзал.

Тауешкі
Бүгін әріптестермен, достармен және серіктестермен қарым-қатынаста барынша сыпайы болғаныңыз жөн. Күйгелектік ешкімге опа бермеген. Сондықтан салмақты болыңыз. Сонда ғана жанжалдан өзіңізді алшақ ұстайсыз.

Суқұйғыш

Бүгін жағымды жаңалықтар күтесіз. Барлығы сіз ойлағандай болады. Сырт келбетіңізге мән беріңіз. Бүгін техникалық бұйымдар алмағаныңыз дұрыс. Себебі, саудаңыз сәтті шықпауы мүмкін.

Балықтар
Жаңа жобаларды енгізіп, іскерлік бастамаларды қолға алуға қолайлы күн. Бүгін сіздің бойыңыздағы талант өз деңгейінде бағаланатын болады. Сондай-ақ бұл күні автокөлік немесе заманауи техника алсаңыз таңдауда қателеспейтініңіз анық.
23 қаңтар 2019 ж. 528 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области