Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алдағы жылы тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу тарифі қандай болады

Алдағы жылы тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу тарифі қандай болады

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылы көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған тариф төрт есе дерлік азаяды (1 шаршы км үшін 13,3 теңгеге дейін).
Қазір қазақстандықтар пәтердің 1 шаршы метрі үшін 0,02 АЕК төлеуде. 2019 жылы жарна бір шаршы метр үшін 50,5 теңгені (1 АЕК – 2525 теңге) құрады. Алдағы жылы 0,005 коэффициенті және 2 651 теңге АЕК болған жағдайда жарна 13,3 теңгеге дейін азаяды, деп хабарлады krisha.kz.
Мысалы, 45 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтер үшін қолданыстағы тариф бойынша ай сайын 2 525 × 0.02 = 50.5 × 45 = 2 272.5 теңге төлеу керек болды. Өзгерістерден кейін төлем 2 651 × 0.005 = 13.3 × 45 = 598.5 теңгені құрайды.
Тұрғындардың өтініші бойынша тарифті көтеруге болады. Мұндай шешім КСК мүшелерінің немесе белгілі бір үйдің жалпы жиналысында қабылданады. Ақшаны жұмсаудың ашықтығы үшін әр объект үшін жеке шоттар ашылады: ағымдағы және жинақ.
Айта кетсек, Қазақстанда күрделі жөндеуге арналған жинақтау жүйесі 2011 жылдан бастап жұмыс істейді.


07 желтоқсан 2019 ж. 272 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области