Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Пойыз билеті: Енді бос орындарға бірнеше рет ауыса отырып, жетіп алуға жағдай жасалады

Пойыз билеті: Енді бос орындарға бірнеше рет ауыса отырып, жетіп алуға жағдай жасалады

Kyzylorda-news.kz. «Хабар 24»-тің хабарлауынша, 2020 жылдан бастап теміржол билеттерін тікелей сату жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Қазақстан темір жолы компаниясы электронды билет сату жүйесіне жаңалықтар енгізеді.Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап теміржол билеттерін төте сату жүйесі енгізілмек. Яғни, жүйе бір бағытқа бірнеше пойыздың көмегімен жету жолдарын ұсынады. Сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» қызметі мүмкіндігі шектеулі жандарға интернет-сайттар мен өзіне өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы билет рәсімдеу мәселесін нақтылап жатыр.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдыкөзов: «2020 жылы «Мобиус» жүйесі негізінде билет сататын мобильді қосымшаны және билеттерді тікелей сату жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Яғни, тікелей маршрут болмаса, жолаушы діттеген жеріне жету үшін бірнеше орын ауыстыру арқылы билеттерді рәсімдей алады. Ал орындар бір пойызда болмаған жағдайда, басқа келісілген пойыздарға билет ұсынылады», – деді.
06 желтоқсан 2019 ж. 326 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области