Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаз айларында билет тапшылығы неден туындайды

Жаз айларында билет тапшылығы неден туындайды

Kyzylorda-news.kz. «Жолаушылар тасымалы» АҚ билеттердің алдын ала сатылуы қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға 45 күн бұрын ерте алынатын жол билеттерінің тапшылығы туралы шағымдар көптеп түсуде. Көп жағдайда жолушылар билеттерді түнгі сағат 24:00-ден кейін іздестіре бастайды. Алайда, 45 тәулік бұрын сатылатын жол жүру құжаттары сатылымға таңғы сағат 07:00-де шығатынын естеріңізге саламыз. Бұл уақыт қала маңы бағыттарына да тиесілі. EPAY.RAILWAYS.KZ сайтында электронды билеттерді рәсімдеу технологиялық үзіліс кезінде, яғни таңғы сағат 04:50 мен 05:50 аралғында тоқтатылады», - делінген «Жолаушылар тасымылы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Сонымен бірге, жолаушыларға жаңа қызмет – Күту парақшасы ұсынылады. Бұл қызмет Компанияға қарасты барша кассаларда жұмыс істейді.
Керекті бағытта билет тапшы болған жағдайда жолаушы кассада күту парақшасына тіркелуі қажет. Айналымға билеттер түскен кезде жолаушының электронды поштасына хабарлама түседі. Жолаушы екі сағат ішінде сол билетті Компанияға қарасты кез келген кассада сатып алуы керек. Алдағы уақытта Күту парақшасы қызметі электронды билет сататын сайттарға да енгізіледі.
«Ұлттық тасымалдаушы жол билеттерін тек ресми кассалар мен арнайы сайттарда да ғана рәсімдеуді ескертеді. Алыпсатарлардан сақ болуларыңызды сұраймыз», - дейді компания өкілдері.

18 шілде 2019 ж. 371 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области