Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ішкен дәріміздің неге пайдасы жоқ?

Ішкен дәріміздің неге пайдасы жоқ?

Kyzylorda-news.kz. Адамдар дәрі ішу кезінде өте үлкен қателік жасайды.
Кейде дәріні кез келген сұйықтықпен іше саламыз. Кофе, сүт, шай, шырынмен бірге ішкен дәрі дұрыс әсерін бермейді. Өйткені сұйықтықтағы қоспалармен араласып кетеді. Дұрысы – дәріні бөлме температурасындағы сумен ішу керек.
Егер нұсқаулықта дәріні тамақпен бірге ішу керектігі жазылса, ішіп отырған тамағыңыздың құрамына мән беріңіз. Дәріні ішу мезгілі де нұсқаулықта анық көрсетіледі. Ал біз дәрімізді есімізге түскен уақытта ғана ішеміз. Бір ішіліп, бір ішілмеген дәрі ағзамызға оң әсерін бермейді, керісінше, зиян болуы да мүмкін. Сондықтан дәріні минутына дейін бірдей етіп ішу керек. Мысалы, таңғы сағат 07:00-де ішсеңіз, келесі күні де дәл сол уақытта тұтыныңыз.
Ал бір уақытта бірнеше дәрі ішуіңіз керек болса, бәрін бірден қабылдаудың керегі жоқ. Дәрілер арасына 10 минут салып ішіңіз. Ең маңыздысы – сәл бетіміз бері қарап, оңалған кезде дәрі ішуді тоқтатып тастаймыз. Бұл – өте үлкен қателік. Дәрігер дәріні қанша күн іш десе, сонша күн ішу керек.

08 желтоқсан 2019 ж. 225 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области