Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бірінші аймақтық ІТ форум өтуде

Қызылордада бірінші аймақтық ІТ форум өтуде

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен «Smart Qyzylorda: Аймақтың цифрлық трансформациясы» тақырыбында бірінші облыстық IT форумы өтуде. Аталған шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оспанов, шетелдік және отандық ІТ қауымдастықтары мен жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.IT форумның мақсаты – мемлекеттік сектор мен елдің бизнес-қауымдастық өкілдерінің арасында цифрландыру бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, идеялармен алмасуға арналған бірыңғай алаң құру. Форум аясында Малайзия, Татарстан елдерінен келген спикерлер цифрландыру саласында өздерінің тәжірибелері туралы айтты. Сонымен қатар, ІТ форум алаңында Қызылорда облысындағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландыру жобаларының тұсаукесері мен көрмесі ұйымдастырылып, «Ақылды қаланы» қалыптастыру бойынша шетелдік, отандық IT компаниялардың үздік тәжірибесі бойынша арнайы бағдарлама ұсынылды.
"Бүгінгі "Smart Qyzylorda: Аймақтың цифрлық трансформациясы " тақырыбындағы форум " адами капиталды дамытуға, аймақта жүзеге асырылған жобаларды тұрғындарға таныстыруға, ТМД мемлекеттерімен тәжірибе алмасуға, жобаларға кәсіпкерлерді, инвесторларды тартуға және де Стартап жобаларды қолдауға бағытталатын болады. Форум барлығымыз үшін нәтижелі және пайдалы болатынына сенімдімін ",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Форум аясында облыс әкімі Қ.Ысқақов «Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасын іске қосты. «Smart Qyzylorda» біріктірілген ақпараттық жүйесі - қаланың тұрғындары мен қонақтарын біртұтас біріктірілген жүйе арқылы түрлі салалардағы қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, форумда өңірде ауыл шаруашылығын цифрландыру бағыты бойынша жүзеге асырылған Қазақстандағы тұңғыш цифрлы күріш ақтау зауытының және «Акмауа Smart Farm» фермасының жұмыстары таныстырылды.
«Мағжан и К» ЖШС цифрлы күріш ақтау зауыты сағатына 5 тонна күрішті өндеуге қуатты және кәсіпорында Оңтүстік Кореяның «DAEWON GSI» күріш өндірудегі цифрлы технологиясы пайдаланылады, барлық процестер автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылады. Шиелі ауданындағы «Ақмая» шаруа қожалығы FMIS – «ақылды ферма» зияткерлік геоақпараттық форманы қолданатын пилоттық шаруашылық. Ол жедел навигацияны, өріс деректерін толық талдауды және өндірістік процестердің мониторингін қамтиды.
Аталған форум шеңберінде ағымдағы жылдың 30 қарашасында өткен «SMART QYZYLORDA HACKATHON» байқауының жеңімпаздарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оспанов марапаттады.

06 желтоқсан 2019 ж. 273 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области