Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АТ-КОМПАНИЯЛАРМЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АТ-КОМПАНИЯЛАРМЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша АТ-қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
Кездесу барысында экономиканы цифрландыру мен қазақстандық АT-қауымдастықты дамытудың ауқымды жұмыстарының негізгі кезеңдері талқыланды. Атап айтқанда, «Astana Hub» АТ-стартаптардың халықаралық технопаркінің инновациялық кластерін құру, отандық кадрларды даярлау, ақпараттық қауіпсіздік, АТ-стартаптар үшін инновациялық гранттар бөлу, сондай-ақ отандық АТ-қызметтердің экспорттық әлеуетін қолдау және отандық АТ-компаниялардың қызметтеріне кедергі келтіретін тосқауылдарды жою секілді мәселелерге ерекше назар аударылды.
Бизнес-қауымдастық өкілдері отандық цифрлық индустрияны дамыту туралы өздерінің көзқарастарымен бөлісіп, сондай-ақ өздерінің ұсыныстары мен қызығушылық танытатын мәселелерін айтты. Мәселен, бүгінгі таңда АТ-мамандарын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету, отандық АТ-компанияларды мемлекеттік қолдау, МЖӘ тетіктерін жетілдіру, электрондық коммерцияны ынталандыру, АT-компаниялар арасында бәсекелестікті дамыту, сонымен қатар, цифрлық экономика дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру жүйесін жаңғырту мәселелері толғандырады.
Кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, қаржы вице-министрі Р. Еңсебаев сөз сөйледі.
Кездесудің қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 20 отандық АТ-компанияның мүмкіндіктері туралы презентациялық стендтермен танысты.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында цифрландыруды дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берген еді.
«Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет АТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияларды қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады», — делінген Жолдауда.




23 шілде 2018 ж. 588 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области