Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІШКЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БІШКЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Кездесуде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және Қырғызстанның «Таза Коом» ұлттық цифрлық трансформациялау бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Қазақстанның 29 компаниясы Қырғызстан өкілдеріне АКТ саласындағы 80-нен астам ақпараттық-технологиялық шешімдерді ұсынды. Денсаулық сақтау, білім беру, ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар, Smart City, көлік, қауіпсіздік, экономика және қаржы салаларындағы әзірлемелер Қырғызстанның мемлекеттік органдары мен ірі компанияларының қызығушылығын тудырды.
Қазақстандық АT-компаниялар мен «Қырғызтелеком» ААҚ, «Қырғыз почта» МК арасында екі меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, кездесу барысында ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова Astana Hub халықаралық технопаркінің таныстырылымын өткізді.
Қорытынды кездесуге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев және Қырғызстан Премьер-Министрінің орынбасары Замирбек Асқаров қатысты. А. Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы қырғыз тараптарына айтып берді және 2018 жылғы 3 шілде күні өтетін Астана Hub павильонының техникалық ашылуына шақырды.
Өз кезегінде Замирбек Асқаров Қазақстанмен ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын және АТ саласындағы үлкен әлеуетті атап өтті.
Ақпараттық технологиялар және байланыс жөніндегі Қырғызстан Республикасы мемлекеттік комитетінің төрағасы Бақыт Шәршімбиев қазақстандық делегацияның жасаған сапарына алғысын білдірді және қазақстандық компаниялардың ұсынған шешімдері қырғыз елінде сұранысқа ие екенін атап өтті.
Сапар барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігі мен Қырғыз Республикасы ақпараттық технологияларының мемлекеттік комитеті арасында тәжірибе алмасу мақсатында іс-шаралар өткізілді. Тараптар екі елдің үлкен деректер, жиынтық технологиялар, электрондық құжат айналымы саласындағы тәжірибесін талқылады және меморандумдар мен келісімдерді әзірлеу туралы уағдаласты.
Сапар соңында Асқар Жұмағалиев АT-компаниялардың өкілдерімен бірге кездесулердің қорытындысын талқылады. Компания өкілдері іс-шараның тиімділігін айтып, осындай сапармен басқа елдерге барып, өз мүмкіндіктерін ұсынуға дайын екенін айтты.
25 маусым 2018 ж. 548 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области