Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ел өңірлерінің экономиканы дамыту бойынша 2018 жылға арналған мақсатты индикаторларға қол жеткізу мәселелері бойынша селекторлық режимде жұмыс кеңесін өткізді.
  Кеңес барысында Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев пен Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Көлгінов ағымдағы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар және көлік-логистика саласын, АӨК, отын-энергетика кешенін, туризмді, сауданы, білім беру саласын, денсаулық сақтау саласын, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, индустрияландыру, технологиялық жаңарту және цифрландыру жұмыстарын жүргізу, инвестициялар тарту және өнімді жұмыспен қамту мәселелері бойынша 2018 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.
  Кеңес барысында мәселелерді талқылауға ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, қаржы министрі Б. Сұлтанов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева, білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова қатысты.
Өңір әкімдерінің есептерін тыңдау жұмыстары жалғасуда.

«www.primeminister.kz»
09 сәуір 2018 ж. 740 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области