Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық күзет фирмасының жұмысшылары Байқоңыр ғарыш айлағында үлкен ұрлық жасаған деп күдіктелуде

Қазақстандық күзет фирмасының жұмысшылары Байқоңыр ғарыш айлағында үлкен ұрлық жасаған деп күдіктелуде

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық күзет фирмасының жұмысшылары Байқоңыр ғарыш айлағында үлкен ұрлық жасаған деп күдіктелуде, деп хабарлады кешен прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Тергеумен белгілі болғандай, ағымдағы жылдың 15-нен 16 қазанға қараған түні қаскөйлер алдын-ала қылмыстық сөз байласып, қазақстандық күзет компаниясының қызметкерлері бола тұра, Қазақстан Республикасына тиесілі «Байқоңыр» ғарыш айлағының алаңында орналасқан нысандардың бірін күзету кезінде қоймаға заңсыз кіру арқылы жалпы сомасы 1,85 млн рубль болатын кабель өнімін ұрлаған», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, айыпталушылардың бірі ізін суытпай ұсталып, қазіргі таңда қамауға алынды.
«Қолға алынған тергеу амалдарымен аса ірі көлемде ұрлық жасаған азаматтардың кінәсі толық расталып, дәлелденді, олар күзет мекемесінен қуылды. Айыпталушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары болуына байланысты оларға қатысты қылмыстық істі прокуратура ары қарай қылмыстық қудалауды жүргізу үшін қазақстандық құқыққорғау органдарына жолдады», - деді кешен прокуратурасынан.
Ресейлік тарап тергеу амалдарын РФ ҚК 158 бабы 4 бөлімі «б» тармақшасы (алдын-ала сөз байласқан адамдар тобының қоймаға заңсыз кіру арқылы аса ірі көлемде ұрлық жасауы) бойынша жүргізілген.
1 рубль = Т6,05.
06 желтоқсан 2019 ж. 229 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области