Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданында 13 рет ұрлық жасаған күдікті тұтқындалды

Арал ауданында 13 рет ұрлық жасаған күдікті тұтқындалды

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше ұрлық істеген 29 жастағы күдіктіні құрықтады. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылдың 17 қарашасы мен 2019 жылдың 12 тамызы аралығында аудан тұрғындары полицияның кезекші бөліміне гараждардан, үйлерден, дүкеннен, автокөліктен, қоймадан заттарының ұрланғандығы туралы шағым түсірді. Белгісіз тұлға есік құлпын бұзып аккумулятор, ұялы телефондар, ноутбуктар, алтын бұйымдарын және ақша ұрлап ізін жасырып келген. Ұрлық күндізгі және түнгі уақытта, үй иелері болмаған немесе ұйықтап жатқан кезде жасалған. Жәбірленушілерге шамамен 1,5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келген.
Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 21тамызында шалғайдағы ауылдардың бірінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.Тергеу барысында күдіктінің ауданда жасалған осы тектес 13 қылмысқа қатысы бар екендігі дәлелденді. Барлық деректер бойынша Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
28 тамыз 2019 ж. 514 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области