Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бірнеше ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Қызылордада бірнеше ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше пәтер ұрлықтарын жасаған 20-жастағы күдіктіні құрықтады.

Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде қала тұрғыны полицияның кезекші бөліміне пәтер ұрлығы туралы шағым түсірді. Белгісіз тұлға жеке үйлердің бірінде пластикалық терезесін ашып кіріп, алтын бұйымдарын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. Ұрлық күндізгі уақытта, үй иелері болмаған кезде жасалған. Жәбірленушіге жалпы 760000 теңге сомада материалдық шығын келтірілген. Одан кейін белгілі болғандай, күдікті ұрланған заттарды ломбардқа өткізген.
Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 17 шілдесінде күдікті азамат компьютер клубтарының бірінде ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу барысында күдіктінің қалада жасалған осы тектес басқа да бес қылмысқа қатысы бар екендігі дәлелденді. Барлық деректер бойынша Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
15 тамыз 2019 ж. 513 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области