Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қыста әр жүргізушінің көмекшісі болатын құралдар

Қыста әр жүргізушінің көмекшісі болатын құралдар

Kyzylorda-news.kz. Қыс мезгілі көпшілік үшін ауыр болып жатады. Ал көлік жүргізушілері үшін тіпті қиын. Кейде аяқ астынан пешіңіз, кейде қозғалтқышыңыз істен шығуы мүмкін. Тіпті сақырлаған сары аязды күндері көлік кептелісіне қалып қоятын кездер де аз емес.

Қозғалтқышты қашықтан басқару жүйесі
Қыста көлікті қыздыру өте маңызды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта ол әрекетті үйде отырып істеуге болады. Ал, оған смартфонға жүктелетін қосымша – Viper SmartStart System VSS4000 жүйесі көмектесе алады. Бірақ, аталған бағдарлама тек қана iPhone немесе iPod бағдарламаларында жұмыс істейді.

Әйнекті жылытатын сымсыз тазалағыш
Бұл өте пайдалы құрылғы. Егер, мұндай көмекшіңіз болса, көлік әйнегіндегі мұз әп сәтте суға айналады. Құрылғы электр көзінен және жанасудан алған толық қуатпен 20 минут жұмыс істей алады.

Есік құлпын ерітуге арналған құрал
Есік құлыптарының қатып қалуы – қыста мазалайтын ең көп мәселе. Оны оңай шешу үшін құлып ұңғымасына кіріп, 1-2 минуттың ішінде ерітетін осындай құрал сатып алуға болады.

Орындықтарға арналған жылытқышы бар қапшық
Қыстың суығында көлікпен қатар өз денсаулығыңызды да ойлаған жөн. Ол үшін, орындықтарға арналған жылыту жүйесі бар жапқыштарды сатып алуға болады. Бірақ оны 10 минуттан ұзақ қосып қойып отыруға болмайды.

Аккумуляторға арналған реаниматор
Аккумулятордың "өліп" қалуы –кез келген жүргізушіні қиын жағдайға қалдырады. Ал, ол мәселеден оңай шығу үшін аккумуляторды қуаттайтын реаниматордың көмегіне жүгінуге болады. Тіпті, олар арқылы ұялы телефондарды да қуаттай аласыз.

Түрлі аспаптарға арналған әмбебап зарядтау
Бұл гаджет бірнеше құралды бір уақытта қуаттауға мүмкіндік береді.

Автокөлікке арналған қысқатолқынды пеш
Қыс мезгілінде шағын микротолқынды пештің пайдасы көп. Оның өлшемі әдетте 23х16х20 сантиметрден аспайды. Ең бастысы қауіпсіздік техникасын сақтау.

Шыныаяқ және шәйнек
Кез келген жүргізуші жылыну үшін шәйнек әрі шыныаяқтың қызметін атқаратын осы құрылғыны сатып алуына болады. Әсіресе іссапарда көп жүретін адамдар үшін өте тиімді.

Trac-Grabber
Қыста Trac-Grabber атты құрылғы өте пайдалы болады. Оның міндеті – қарға тұрып қалған көліктің шығуына қосымша көмек көрсету. Сондай-ақ, бұл құрал тек қардан ғана емес, батпақ немесе құмнан шығуға да көмектесе алады.

Ernur.kz
14 желтоқсан 2019 ж. 208 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области