Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гонконгтағы қақтығыста ұсталған қазақ студентінің соты 2020 жылдың қаңтарында өтеді

Гонконгтағы қақтығыста ұсталған қазақ студентінің соты 2020 жылдың қаңтарында өтеді

Kyzylorda-news.kz. Гонконгта ұсталған қазақ студентінің соты 2020 жылдың қаңтарында өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сотын күтіп отырмыз. Тергеу жүріп жатыр. Соты келесі жылдың қаңтар айының ортасына жоспарланған. Өздеріңіз білетіндей, ол жақта көп адам ұсталды. Уақыты келгенде соты болады. Сол сотта шешім қабылданады. Адвокат таптық, туыстары Гонконгқа барды. Олармен кездесу өткіздік. Құқықтық көмек көрсетіп жатырмыз», - деді Айбек Смадияров.
Еске сала кетсек, Гонконг қаласында наразылар мен полиция арасындағы қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталғаны хабарланған болатын.
«Гонконг қаласы полициясының қазақстандық дипломаттарға ұсынған ақпаратына сәйкес, 18 қараша күні наразылық танытушылармен қақтығыс барысында Қазақстан азаматы, Гонконг Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр ұсталған. Консул азаматымызға барды, оның денсаулық жай-күйі тұрақты, оң қолының шынтағында ұстау кезінде құлаған сәтте алған аздаған жарақаты бар. Ұсталу жағдайына ешқандай шағымы жоқ», - деп атап өткен еді министрліктен.
09 желтоқсан 2019 ж. 264 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области