Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Американың атақты футболшысы Димаш Құдайбергеновке сыйлық жасады

Американың атақты футболшысы Димаш Құдайбергеновке сыйлық жасады

Kyzylorda-news.kz. Есімі әлемдік спорт жұлдыздарының қатарында аталатын америкалық регби командасының ойыншысы Русти Рассел Димаш Құдайбергеновті Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайынан жүзден аса жанкүйермен бірге құшақ жая қарсы алып, оған регби добын сыйға тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».  Димашты қатты жақсы көретінін айтқан ол әуежайдағы көпшілікпен бірге қазақстандық әншінің қолын алып, амандасу үшін арнайы барыпты.
Димаш Құдайбергенді әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 150-ге жуық жанкүйері Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда гүл шоқтарымен күтіп алды.  
Димашты қарсы алушылардың көпшілігінің қолдарында Қазақстанның көк туы желбіреді. Сонымен қатар сүйікті әншілерінің портреттік суреттерін де ұстап шыққандар кездеседі. Жанкүйерлер қазақстандық әншінің концертіне сәттілік тілесе, бірнеше сағаттық жолдан кейін шаршаса да, Димаш оларға әдеттегідей алғыс айтып, бірге естелік фотоға түсті.
11 желтоқсан 2019 ж. 221 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области