Тоқаев диплом тарататын конторға айналған ЖОО-ларды жаппай жабуға тапсырма берді
Kyzylorda-news.kz. Дипломды басып шығарып, тарата беретін конторға айналған жекеменшік жоғары оқу орындарына ең қатал шаралар қабылдануы тиіс. Бұл туралы Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Тағы бір маңызды міндет білім сапасын және қолжетімділігін арттыру болып отыр. «Атамекен» ҰКП деректеріне сәйкес, бүгінде ЖОО түлектерінің шамамен 60 пайызы мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайды. Бұл біздің білімнің сапасын білдіреді. Жастар оқып жүріп әсіресе өзінің бейініне тән емес салада жұмыс істейтіндігін білеміз. Ақша табу – бұл жақсы. Бірақ, мүмкіндігінше өзінің мамандығы бойынша ақша тапқан жөн. Соған сай олардың оқуы мен еңбек қызметі параллель әлемде дамиды», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті бұл цифрлық дағдыларды тарату технологияларының қарқынды дамуына байланысты жастардың қашықтан білім алуға деген сұранысының артып отырғандығын білдіретіндігін айтты.
«Біз ашық университет құру жұмыстарын жалғастыруға тиіспіз. Елбасының әрбір өңірде тым болмағанда бір мықты жоғары оқу орны мен жоғары деңгейдегі 2 колледж ашу идеясы көптеген проблеманы шешеді. Жастарға үйінен алыстан мәртебелі оқу орнын іздеп көшіп-қону қажетсіз болып қалады. Олар өздерінің білімдері мен дағдыларын қолданатын жерді сөзсіз таба алады. Бұған қоса, Үкімет жоғары оқу орындарына, оның ішінде дипломдарды басып шығарып, тарата беретін конторға айналған жекеменшік ЖОО-ларға қатысты ең қатал шараларды қабылдауы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.