Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Президент тапсырмасы: Елімізде тағы 5 ЖОО лицензиясы тоқтатылмақ

Президент тапсырмасы: Елімізде тағы 5 ЖОО лицензиясы тоқтатылмақ

Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрлігі қосымша тексеру жұмыстарын жүргізе келе, 5 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Біз бұған дейін, елімізде 5 ЖОО лицензиясының уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде ЖОО-на қосымша тексеру жұмыстарын жүргізудеміз, соның нәтижесінде тағы 5 ЖОО-ның лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық. Шешіммен келіспейтін ЖОО-ның заң бойынша шағымдануға 10 күн уақыты бар. Егер шағым түспесе немесе шағымданған жағдайдың өзінде сот шешімді өзгертпесе біз олардың атауларын жариялай аламыз. Жалпы ЖОО бойынша проблемалар жеткілікті. Анықталғандай, 1 курсқа 5 студент қабылданса, 4 курсты 150 студент бітіріп шығады. Демек 2,3 курстарда жауапсыз университеттер оқудан шығып қалған студенттерді қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз ЖОО-на деген талапты күшейттік және жоғары білім беру саласын реттеудің жаңа механизмдері енгізілетін болады», - деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.
11 желтоқсан 2019 ж. 205 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области