Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Енді ректорларды президент тағайындамайды

Енді ректорларды президент тағайындамайды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткізге болатындығын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен ұлттық ЖОО-ның ректорларын тағайындау тәртібі өзгерді. Меніңше, бұл маңызды шешім. 2008 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын ҚР Президенті тағайындап келді. Бұл шешім сол кездегі ірі жоғары оқу орындарына басқару және академиялық дербестік беру қажеттілігінен туындаған болатын. «Назарбаев Университеті» ДББҰ жұмысының мысалында ұлттық университеттердің жұмысына Білім және ғылым министрлігі тікелей араласпауды көздеді. Мұндай саясат өз нәтижесін берді», - деп жазады министр Facebook парақшасында.
Дегенмен, оның пайымынша, бәсекенің жоқтығы және «Президент тағайындауы» мәртебесі оқу орнының дамуына оң ықпалын тигізбейді. Сонымен қатар, өткен жылы Академиялық және басқару дербестігі туралы заңның қабылдануына байланысты барлық жоғары оқу орындары қосымша өкілеттіктер мен еркіндіккке қол жеткізді. Сол себепті Мемлекет басшысы 2019 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын конкурстық негізде тағайындау туралы шешім қабылдады.
«Ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткіземіз? Біріншіден, ашық конкурс. Бұл кезеңде ректор лауазымы кандидатурасы талаптарына сәйкес келетін кез келген адам конкурсқа қатысуға өтініш бере алады. Екіншіден, айқындылық. Барлық кандидаттар тиісті ЖОО-ның Бақылау кеңесінде әңгімелесуден өтеді. Үшіншіден, бағдарламалар сайысы мен бәсекелестік. Бұдан әрі, Білім және ғылым министрінің төрағалығымен республикалық комиссия үміткерлері ұсынып отырған «Жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламалары» жобаларын қарастырады. Төртіншіден, қоғам алдындағы жауапкершілік», - деді Асхат Аймағамбетов.
20 тамыз 2019 ж. 327 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области