Желтоқсанның 12-сі күнгі ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Желтоқсанның 12-сі күні республикамыздың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды РМК «Қазгидромет». Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, желтоқсанның 12-сі күні республиканың кей жерлерінде жауын-шашын болады.
Тек Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығысында ғана антициклонның ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының бірқатар аумақтарында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғуы ықтимал.
Түркістан облысының басым бөлігінде тұман түседі.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.