Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемқызметшілерге сыйлық ұсынатын азаматтарға қандай жаза тағайындалады

Мемқызметшілерге сыйлық ұсынатын азаматтарға қандай жаза тағайындалады

Kyzylorda-news.kz. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік департаментінің бас сарапшысы Сымбат Исрапулова мемлекеттік қызметшілердің заңды бұзып сыйлықтарды алу фактілерін анықтау бойынша қоғамдық мониторинг жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кез келген сипатта сыйлық ұсынуға тыйым салынады. Егер сыйлықтың құны 2 АЕК-тен (5 050 теңге) төмен болса, сыйлық ұсынушыға 200 АЕК (505 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. Бұл жағдайда сыйлықты қабылдап алған мемқызметшіге 600 АЕК (1,5 млн теңгеден астам) айыппұл көзделген. Ал, бұл сомадан жоғары көрсеткіштердің бәрі пара деп саналып, қылмыстық жауапкершілікке әкеледі», - деді Сымбат Исрапулова агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.
Мемлекеттік қызметшінің өзі білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға тапсырылуы тиіс.
«Бұл үшін жергілікті жердегі мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне жүгінуі қажет. Шындығына келсек, мемлекеттік қызметшілерге 2 мың теңге немесе кәмпит қорабын ұсынып, 200 есе артық айыппұл төлеуге тура келетін мәнсіз «алғыстардың» салдарын білу керек. Алдағы мерекелер қарсаңында барлық мемлекеттік қызметшілерге бағыныштылардан және басқа да адамдардан сыйлықтар алу, бұл – әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы өрескел бұзу екенін еске саламыз», - деді ол.
12 желтоқсан 2019 ж. 280 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области