Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық азамат жазасын өтеп жатқан ағасына жасырып ұялы телефон өткізбек болған

Қызылордалық азамат жазасын өтеп жатқан ағасына жасырып ұялы телефон өткізбек болған

Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ағасымен кездесуге келген азамат шұлық ішіне жасырып ұялы телефон өткізбек болған.Ол ағасымен қысқа мерзімді кездесуге келген. Тексеру кезінде шұлық ішіне тығылған ұялы телефон табылды.
«Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің режім бөлімі мен жедел бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдардың мекеме аумағына өту жолдарын дер кезінде анықтауға күш салып келеді. Сотталғандармен кездесуге келген олардың туыстарына ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің нормалары және жазасын өтеп жатқандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды енгізген тұлғалардың заң алдында жауапкершіліктерін түсіндіру кеңінен жүргізіледі. Осыған қарамастан шұлық ішіне ұялы телефон жасырып өткізбек болған азамат белгілі болды. Бұл бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін іс- құжаттары толықтай рәсімделіп, шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының сотына жолданды», - деп мәлім етті Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
13 желтоқсан 2019 ж. 339 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области