Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Түрмедегі баласына аяқ киім арқылы есірткі өткізбек болған әйел ұсталды

Түрмедегі баласына аяқ киім арқылы есірткі өткізбек болған әйел ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдардың мекеме аумағына өту жолдарын дер кезінде анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, ЗК-169/1 мекемесі режім және күзет бөлімінің қызметкерлері сол мекемеде ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен қамауда отырған баласына келген азаматшаны тексеру барысында онда жасыл түсті өткір иісті кептірілген шөп тәріздес зат бар екені анықталды. Әйел оны баласына алып келген спорттық аяқ киім арқылы өткізбек болған. Оқиға орнына Қызылорда қаласы полиция басқармасы жедел-тергеу тобы шақырылды. Аталмыш тыйым салынған зат тәркіленіп, ол сараптамаға жіберілді.
«Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша оның марихуана екені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.


15 мамыр 2019 ж. 531 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области