Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сексеуіл кескен қызылордалық жазаланды

Сексеуіл кескен қызылордалық жазаланды

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері сексеуіл ағаштары мен бұталарын заңсыз кескен облыс тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Сырдария ауданы Айдарлы ауылында тұрғынның сексеуіл ағаштары мен бұталарын кесіп, үйінің ауласына заңсыз сақтағаны анықталды. Тексеру барысында сақталған сексеуілдің көлемі 7 текше метр екені белгілі болды.
Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, Сырдария аудандық сотына жолданды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, соттың үкімімен күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340 - бабы 1 - бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 60 125 (алпыс мың бір жүз жиырма бес) теңге айыппұл салынса, мемлекет пайдасына 62 049 (алпыс екі мың қырық тоғыз) теңге мүліктік залал өндірілді.
Айта кетерлік жайт, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2015 жылғы 13 тамыздағы №211 Заңына сәйкес 31.12.2018 жылға дейін мемлекеттік орман қорына жататын жерлерден сексеуіл ағаштарын кесуге, жоюға немесе зақымдауға тыйым салынған.
13 желтоқсан 2018 ж. 781 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области