Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өз кәсібін ашуға қолдау көрсетілді

Өз кәсібін ашуға қолдау көрсетілді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов 11 желтоқсан күні жеке қабылдауында болып, жұмысқа орналасуға, өз кәсібін ашуға көмек сұраған Бақыткүл Қосаеваның үйіне барды. Қосаева Бақыткүл Жандарбекқызы 1992 жылы туылған, қол арбадағы І-топ мүгедегі. Мамандығы "техник-программист". Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан Қызылорда қаласына 2014 жылы көшіп келген. Мамандығы бойынша кәсіп ашуға көмек сұраған Бақыткүл Қосаеваға «Менің кәсібім» жобасы аясында өз кәсібін ашуға қолдау көрсетіп, демеушілер есебінен компьютер, түсті принтер, ламинатор мен қағаз қиятын аппараттарын алып берді.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Бақыткүл Қосаева көрсетілген қолдауға алғысын айтты.Мүмкіндігінің шектеулі болуына қарамастан, еңбек етемін деген ниеті үшін аймақ басшысы да ризашылығын жеткізіп, Бақыткүл өз замандастарына үлгі бола алатын жан екенін атап өтті.
"Өз кәсібімді ашсам деген тілегімді орындап, түрлі аппаратарды сыйлаған облыс әкімі мен демеушілерге үлкен алғыс айтамын. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы оқытқан курс пен "Ұшқын" мүгедектер қоғамы арқылы 1,5 жыл жұмыс істеген тәжірибиемнің арқасында бұл кәсіпті дөңгелетіп кететініме сенемін. Қоғамдық қабылдауда айтылған өтінішіме жауап бергендеріңіз үшін алғыс айтамын",- деді Бақыткүл Қосаева.
13 желтоқсан 2019 ж. 242 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области