Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ДЕМАЛЫС ЖАҒАЖАЙЫ АШЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ДЕМАЛЫС ЖАҒАЖАЙЫ АШЫЛДЫ


         Облыс әкімінің қолдауымен қабылданған жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы аясында Сырдария ауданы орталығындағы Қалғандария каналы маңынан демалыс жағажайы ашылды.
         Аталған жағажайды ашуға жеке кәсіпкер, «Эко құрылыс Проджект» ЖШС басшысы Ғалымжан Қалдыбеков өз қаражаты есебінен 11 млн. теңге қаржы салып, 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.
         Аудан басшысы Ғ.Қазантаев Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған велошеру қорытындысында жағажайды ашып, ел игілігі жолында қызмет етуді мақсат еткен серіктестік ұжымының жұмысына жеміс тіледі.
         Соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыров жиналғандарға бата берді.
         Өз кезегінде «Эко құрылыс Проджект» ЖШС басшысы Ғ.Қалдыбеков кәсіпкерлік саласын дамытуға ерекше қолдау білдірген жергілікті атқарушы билік өкілдеріне алғысын білдіріп, аудан тұрғындарын жағажайда демалуға шақырды.
05 маусым 2018 ж. 686 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области